Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.06.2018 Астанада Домбыра party маусымы ашылды
2400

Дәстүрге айналған домбырашылар кеші Астанада өз көрермендерін қайта жинады


Домбыра-party Астанада 2012 жылдан бастап тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан ұлттық қозғалыс. Ұйымдастырушылардың мақсаты домбыра тартып, ән айтуды сәнге айналдыра отырып ұлттық өнерді дәріптеу. Домбыра party флеш-мобы бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде тұрақты өткізіледі. Қозғалыстың ешқандай саяси астары жоқ. Шарада тек домбырашылар ғана емес, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен әндер шырқалады. 

Астана тұрғындары мен қала қонақтарының көзайымына айналған Домбыра-party биыл да бейсенбінің кешінде Нұржол желек жолында 6-шы рет шымылдғынын ашты. Аталған флеш-моб қозғалысына кез-келген домбыра тарта алатын адам қатыса алады. 
 
Видео: Жансерик Ахмедин , Монтаж Ильзат Сафаргалиев