Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.06.2018 Таңғажайып «Астана Опера»
1168

«Астана Опера» театры 2013 жылы салынған. Оның сырт бейнесін қалыптастыруда Швейцария, Италия, Албания, Марокко, Қазақстанның мамандары еңбек етті. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жобаға ұдайы түзетулер енгізіп отырды. Жобаның авторы – Беджет Паколли, сәулетшісі – Ренато Аркетти.


Ғимараттың жалпы аумағы 64 мың шаршы метрді құрайды. Оның 3 мыңдай шаршы метр аумағында алаң орналасқан, онда 4 сахна бар. Салтанатты кіреберістің алдында жаяу жүргіншілерге арналған үлкен көпір салынған.
Театр қабырғаларындағы жазулар 3D форматында қолмен жазылған. Онда Қазақстан табиғаты бейнеленген.  
Басты залда әр түрлі мақсатта пайдаланылатын, қуаты жағынан да өзгеше шамамен 1000 прожектор бар, ал камералық залда 50 прожектор орналасқан.