Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.06.2018 Хан Шатыр – Астананың кіндігіндегі көрікті де көрнекті орда
1541

 «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы 2010 жылы 6 шілдеде ашылған


Зәулім ғимараттың полимерлі жабындысы арқылы сауда орталығының жанға жайлы ерекше климатын сезінесіз. Күмбез күн сәулесін жұтып алып, нысанның ішіне жаз мезгілінің жай-күйін, лебін тарата алатын ETFE арнайы материалынан жасалған. Тенттің жалпы ауданы 10 футбол стадионынан да кең. Ғимарат шатырының биіктігі 150 метрге (төбесіне дейін) жетеді. Оның құрылысына 188 тонна бетон жұмсалған, ал жалпы аумағы 127 мың шаршы метрді құрайды. «Хан Шатырдың» ішінде сауда орталығының ең биік жерінде орналасқан «Sky Beach Club» жабық жағажайы жұмыс істеп тұр. «Хан-Шатыр» сауда орталығы ғимаратының ерекшелігі сондай, ол – ТМД-дағы осындай жалғыз ғимарат. Түрлі технологиялардың арқасында «Хан Шатыр» әлемдегі он эко-ғимараттың қатарына енгізілген.
Толығырақ
Видео: Ахмедин Жансерик