Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.06.2018 Домбыра тартып үйренеміз: Ұстаз кеңесі
3884

Бүгінде домбыра тартып үйренуге сұраныс артуда.

Домбырада ойнап үйрену үшін, ең алдымен, адамға ынта мен талпыныс керек.

Домбыра ойнап үйренудің өзіндік ережелері бар. Алдымен аспапты дұрыс ұстауды үйрену қажет.
Ол үшін арқаңызды тік, иығыңызды еркін ұстап, оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып, аспапты ыңғайластырып қойып алу қажет.
Ендігі қадам – домбыра құлағын бұрап үйрену. Домбырада оң және сол бұрау түрі болады. Әндер мен күйлердің басым бөлігінде оң бұрау қолданылады.
Келесі қадам – қақтығыстарды үйрену. Төмен қағыс бес саусақты жинақтау арқылы, сұқ саусақтың тырнағымен, білектің салмағымен төмен қарай қағумен жүзеге асады.

Ендігі кезек – нота үйрену. Қағыс және нота түрлерін білген адам, кез келген әнді домбыраға салып орындай алады дейді домбыра ұстаздары.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев