Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

01.07.2018 Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақ елі» алаңындағы 2 мың домбырашы күй шерткен концертке қатысты
2055

 

«Достарым, бүгінгі халқымыздың ұлы мерекесі - Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Қазақ халқы үшін домбыра - ұлттық аспап қана емес, оның жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра - халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізе білген сенімді серігі. Ұрпақтан ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, ұлы даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. 
Бүгін қасиетті домбыраны қолына алып, осы мерекені атап өту үшін үлкен-кіші қалаларда халық алаңға күймен шықты. Елордамыз Астанада Елбасымыздың қатысуымен екі мыңнан астам домбырашы бір уақытта күй шертті! Мерекенің тұсаукесер рәсімі осылай өтті, достарым. Жылдар өте бүкіл қазақ халқы осы мерекеге бәрі домбыра ұстап, шаттық күйін шертеді деп кәміл сенемін.
Киелі домбырамыз күмбірлеп, үні мәңгі асқақтай берсін!»,-деді министр.