Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

03.07.2018 Астанада шахмат туралы алғашқы 3D анимациялық хикаясының тұсаукесері өтті
1340

Астанада «Шахмат патшалығындағы оқиғалар» алғашқы 3D анимациялық хикаясының тұсаукесері өтті.


Мультфильм «Balapan» телеарнасының тапсырысы бойынша Дәрмен Сәдуақасовтың Шахмат академиясымен әзірленген.

Бұл жоба Шахмат академиясының әдістемесі бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған және балаларда шахматтық және зияткерлік қабілеттерді дамытуға бағытталған.Фентези жанрында жасалған мультхикая екі кейіпкерлер, қыз бен бала туралы баяндайды, олар 32 сериялардың ішінде шахматтардың пайда болуы, шахмат фигуралары, ойын ережелері және өзге де нәрселер туралы айтып береді. Анимациялық хикая бірінші кезекте зияткерлік ұлтты қалыптастыруға, өскелең ұрпаққа идеологиялық тәрбие беруге бағытталатын болады.
 
 Видео: Жансерик Ахмедин