Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

04.07.2018 «АСТАНА-АРҚАУ» XI ТҮРКІ МУЗЫКАСЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ
1982

Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында 4-5 шілде күндері «Астана Операның» Камералық залында дәстүрлі түркі музыкасының «Астана-Арқау» ХІ халықаралық фестивалі өтеді.



2018 жыл республикамыз үшін айрықша болмақ – Қазақстан халқы елорданың 20 жылдығын атап өтеді. Астана – барша әлем үшін ұлтаралық бірлік пен келісімнің нышанына айналды.
11 жыл ішінде Астана түркі өркениетінің ұлт өкілдері бас қосқан ауқымды жиынға бастамашы болуда. «Астана-Арқау» фестивалін тұрақты түрде өткізу халықаралық деңгейдегі ұлтаралық қарым-қатынас дәстүрін жаңғыртуға, Қазақстанның түркі музыкалық мәдениетінің біріктірушісі ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді.

«Астана-Арқау» фестивалінің концерттерінде алыс-жақын шетелге есімі танымал өнер шеберлерінің орындауында барлық түркі халықтарының музыкасы ұсынылады. Батыс пен Шығыс тыңдармандарын тамсандыратын жанрлар – бақсылардың ән-жыры, хомусқа (шаңқобыз) арналған керемет композициялар, көмеймен ән айту, эпикалық және аспаптық шығармалар, Орта Азия мен Қазақстан, Күнгей Кавказ бен Анатолия, Волга жағасы мен Сібір түркілерінің ән лирикасы орындалады.
Түркі әлемінің музыкалық мұрасын бағалаушыларға тамаша тосынсый әзірлеген фестиваль елорда тұрғындары мен қала қонақтарының жадында мәңгі сақталатын елеулі оқиға болмақ.