Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.07.2018 Еорданың 20 жылдығы: «Жан жүрегім — Астана!» фестивалі
1861

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар саясаты департаменті республикалық жастар ұйымдарымен бірлесіп Астананың 20-жылдығын тойлау аясында елорда Арбатында ашық аспан астында «Жан жүрегім — Астана!» атты жастар шығармашылық фестивалін өткізді. 




Фестиваль аясында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекесіне арналған ашық аспан астында  автошеру флешмобы, шахмат бойынша блиц — турнир, күйді виртуозды түрде орындау, жастар арасында гитарада танымал әндерді орындау, би батлы: лезгинка мен брейк-данс арасында жекпе-жек, қолөнершілер бұйымдарының көрмесін өткізу сияқты шаралар ұйымдастырылды.
Фестиваль соңында «Арбат Астана» аумағында Open Air ұйымдастырылды және әуе шарлары ұшырылып, тегін балмұздақ таратылды. 
Іс-шараның мақсаты – жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында жағымды атмосфера жасау.


 
Фото, Видео; Жансерик Ахмедин