Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.07.2018 Елбасы Бурабайда «Біржан-Сара» операсын тамашалады
1155

Мемлекет басшысы алғаш рет Бурабай курортының аумағында, ашық аспан астында көрсетілген композитор Мұқан Төлебаевтың қазақ опера өнерінің інжу-маржаны атанып кеткен «Біржан-Сара» операсын тамашалады


Басты партияларды халықаралық конкурстардың лауреаты Мейір Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанат Шыбықбаев, Дина Хамзина және Салтанат Ахметова орындады. Қоюшы-дирижер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов, қоюшы-режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Қойылым көрермендерін барынша сендіру үшін және қазақ жерінің әсем табиғатын көрсету үшін арнайы Бурабай өлкесі таңдалды.
Видео: Ахмедин Жансерик