Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

24.07.2018 Денис Теннің өлімі: Полиция істің мән-жайын түсіндірді
1369

Ұсталғандардың өзге қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр


Бұл туралы ҚР Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов Денис Теннің өлімін тергеуге қатысты брифингте айтты. Қылмыстық істі ҚР ІІМ-нің Тергеу департаменті қолға алды. Қылмыстық істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүріп жатыр. ІІМ-де БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған ақпараттардың басым көпшілігі шындыққа жанаспайтынын айтты. Полиция қылмысты жасағандарды анықтады. Рашид Жақыпов Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновті қалай ұстағаны жөнінде мәліметтердің мән-жайын ашқан жоқ. Оқиғаның тікелей куәгерлері ІІМ-ге түсініктеме берген. Алайда заңнама талаптарына сәйкес, ҚР ІІМ басшысының орынбасары бұл мәселеге егжей-тегжейлі тоқталған жоқ. Оқиғаның мән-жайын, қай күдіктінің пышақ жұмсағанын толық анықтауға мүмкіндік беретін сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Видео: Ахмедин Жансерик