Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.07.2018 Алматының екі мың тәртіп сақшысы автобазарларда рейд жүргізді
1034

Полицейлер автобөлшектерді заңсыз сататын сауда нүктелерін анықтады


Ұлттық гвардия әскерлері мен полицейлер үш базарды қоршауға алды. Әскерилер базар аумағынан шыққысы келген әр көлікті егжей-тегжейлі тексеріп шықты. Базарда жұмыс істейтін сатушылар мен сатып алушылар толық тексерілді. Жұмыс 29 шілдеге дейін жалғасатын болды, деп мәлім етті қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Автобөлшек сатушылардың сауда жүргізуге лицензиясы тексеріліп жатыр. Полицейлер рейд жұмысын 29 шілдеде қорытындылайды. Алайда, қазірдің өзінде аралық нәтижелер бар. Бірқатар сатушыларда тауардың заңдылығын растайтын құжат жоқ.
Видео: Ахмедин Жансерик