Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

31.07.2018 Қазақстанда орташа жалақы көлемі қандай
1121

Қазақстанда 2018 жылдың сәуір-маусымында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 162 751 теңгені құрады


Бір айлық орташа жалақы көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырмалы түрде 8,5%, ал нақты - 2,2%-ке өсті. Ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде болып шықты - 335,3 мың теңге. Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте бұл көрсеткіш 273 мың теңгені құрады. Өнеркәсіп саласындағы компания қызметкерлері 224 мың теңге алады. Ақпарат және байланыс саласы мамандарының жалақысы - 238 мың теңге. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде - 93 мың теңге.
Видео: Ахмедин Жансерик