Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.08.2018 ҰБТ-ның форматы өзгеруі мүмкін
922

Білім және ғылым министрі үкімет отырысында ҰБТ тәртібіне өзгерістер енуі мүмкін екенін айтты


Министрлікке ұстаздар мен ата-аналардан ҰБТ мен кешенді тестілеуді жетілдіру туралы ұсыныстар түскен. Ерлан Сағадиевтің айтуынша, оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудан ұстаздарды босату керек. Министрдің ойынша, мектеп баланы ҰБТ-ға емес, бағдарламаны игеруге дайындау қажет. Білім және ғылым министрінің сөзіне қарағанда, барлық ұсыныстар Тамыз конференциясында кеңінен талқыланатын болады. ҰБТ-ны өткізу үшін 1200 аудитория жабдықталған. Олардың 90% онлайн-көрсетілім жүргізген. Орталықтарда 4G стандартты ұялы байланыстың сигнал жойғыштары және металл іздегіш құралдар іске қосылған. Жергілікті атқару органдары тамақтану пунктері мен ата-аналар үшін күту орындарын дайындаған.
Видео: Ахмедин Жансерик