Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.08.2018 Астанадағы жеке мектептердің бағасы қандай
1252

Астанада жалпы саны 12 жеке мектеп бар, олардағы оқыту бағасы әртүрлі


Қаладағы ең қымбат мектептердің бірі - Haileybury Astana мектебі. 1-сыныпта оқу құны 6 миллион 420 мың теңге болады. Сондай-ақ, мектепке түсу емтиханы үшін 37 мың теңге және кепілдік жарна ретінде қосымша 365 мың теңге төленуі тиіс. «Мирас» халықаралық мектебінде баланы бірінші сыныпта оқыту 3,4 млн теңгеге түседі. Одан бөлек, қабылдау емтиханы үшін 25 мың теңге төлеу міндеттеледі. Nurorda  мектеп-лицейінің жылдық білім беру қызметі 2 млн 210 мың теңгеге бағаланады. Биылғы оқу жылында «Алпамыс» атты жаңа жеке мектеп өз есігін айқара ашады. Мұндағы жылдық оқу ақысы - 1,5 млн теңге. Елордалық «Ақбұлақ» мектебінде алғашқы оқу жылы үшін ата-ана 1 млн 150 мың теңге төлеуі қажет. «Голубой парус» жеке мектебіне қабылдану үшін 150 мың теңге жарна төленеді және ай сайын 127 мың теңгеден төлеу міндеттеледі. Бұл мектептегі 9 айлық оқу ақысы - 1 млн 143 мың теңгені құрайды. Алдағы уақытта Astana Garden School жеке мектебі ашылатын болады. Онда тек қана 10-11 сынып оқушылары ғана қабылданады.
Видео: Ахмедин Жансерик