Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.08.2018 Ұлттық музейде Пабло Пикассоның бірегей көрмесі ашылды
2692

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Пабло Пикассо. 

Воллористік Селестина мен керамика» экспозициясы Астананың 20-жылдығына орай өткізілді. 

Көрме барысында қала қонақтары мен тұрғындары көркем  керамика мен Пикассо гравюраларының сирек көрсетілетін коллекциясын тамашалауға мүмкіндік алды. Құмыралар, табақшалар, сауыттар, ертегідегі құстар мен мифтік жаратылыстар – ұлы шебер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұрақтаған Францияның оңтүстігінің ғаламат шуақты пейзаждарындай көз тартады. 1946 жылы Воллористе жыл сайын өтетін керамика көрмесіне барған Пабло Пикассо, сол жерден шабыт алып, төрт мыңнан аса декоративті керамикалық форма жасаған. Пабло Пикассо таныс заттардың уталитарлығын бірегейлік, даралық пен көркем туындының сиқырлығымен біріктіре алды. Шебер көзеші шарығын пайдаланбаған. Оның сауыттары мен кеселері өзінің әдейілеп жасалған формаларының арқасында әдемі, тұтас және тылсым һәм тартымды архаикалық мүсін өнерін еске түсіреді.  Осы көзтартарлық, мінсіз пішіндерге ой жүгіртіп қарасақ, ғажайып құстар мен аңдардың тіріліп, ал түр-түссіз керамикадан жасалған мүсіндерге жан бітіп, адам кейіпіне енетінін елестетеміз, әдеттегі қарапайым образдар қайталанбас тұтас тарих ретінде көз алдымызға келеді.

Пикассоның бұл жұмыстары – авторлық керамиканың алғашқы тәжірибесі емес. Воллористік керамиканың бесігі – «Мадура» керамикалық шеберханасы әлі күнге дейін бар. 
Мадура шеберханасының бұйымдарын сатып алатын коллекционерлердің туындыларында міндетті түрде Edition Picasso («Пикоссо қолынан шыққан») жазуы мен нөмірі бар.
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев