Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.08.2018 «Астана Операдағы» музыкалық демалыс
1817

Дәстүр бойынша «Астана Операдағы» «Музыкалық демалыс» концертіне шетелдің беделді оқу орындары – «Моцартеум» университеті (Зальцбург, Австрия), А.Брукнер атындағы музыка, би және актерлік шеберлік университеті (Линц қ., Австрия), П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінде білім алып жатқан дарынды қазақстандық студенттер қатысады.



Туған жерде өнер көрсету жауапкершілікті екі есеге арттырады – бұл отандық көрермен мен музыка әлеміне жол ашқан ұстаздар алдындағы емтихан, жұмыс қорытындысы, есеп беру сәті болмақ.

Бағдарламада әлемдік музыка классикасынан шығармалар шырқалады.

 

Концертке қатысушы халықаралық байқаулардың лауреаттары:

 

Әлия АСАНОВА (фортепиано)

Эльнура РУСЛАНБЕКҚЫЗЫ (скрипка)

П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебі

 

Досхан ЖЕКСЕМБАЙ (бас-тромбон)

Карина ИЗМАИЛОВА (фортепиано)

Ажар ҚАДЫРОВА (виолончель)

П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы

 

Темірлан БЕЙСЕНБАЙ (фортепиано)

«Моцартеум» университеті (Зальцбург, Австрия)

 

Карина ДӘУЛЕТ (скрипка)

А.Брукнер атындағы музыка, би және актерлік шеберлік университеті (Линц, Австрия)