Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.08.2018 «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясында теңге ілу мен жамбы атудан іріктеу сыны өтті
1125

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Қазанат» атшабарында ШҚО спортшыларының «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясындағы жамбы ату мен теңге ілу бойынша іріктеу сындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Теңге ілуден бірінші орынды Қарағанды облысының командасы алса, екінші орынды павлодарлықтар иеленді, үздік үштікті Алматы облысының жігіттері түйіндеді. Жамбы атудан бірінші орын - ШҚО командасының еншісінде. Екінші орын қарағандылықтарға бұйырса, үшінші орында - Алматы облысы. Асық ату, тоғызқұмалақ, көкпар, қазақ күресі бойынша іріктеу сындары Павлодар қаласында ұйымдастырылады. Естеріңізге салайық, ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлы дала рухы» фестивалі еліміздің 4 облысында 3 ай бойы өтеді. Фестивальдің финалдық кезеңі Астана қаласында ұйымдастырылады.  Сонымен қатар, ертең «Қазанат» атшабарында сағ 15.00-де аударыспақ   бойынша іріктеу жарыстары өтеді.  
 
Видео: Ильзат Сафаргалиев