Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.08.2018 «7-20-25» бағдарламасымен қалай баспана алуға болады
935



Бағдарламамен несие алуға өтініш беруші Қазақстан азаматы болуы тиіс
Өзінің еңбек, кәсіпкерлік қызметінен алатын табыстары туралы хабар беруі қажет
Қарыз алушының баспана үшін алған басқа несиесі болмауы тиіс
Оның ипотека заемдары бойынша қарызы болмауы тиіс
Қарыз алушының бағдарламаға қатысушы банкке жүгінген кезде баспанасы болмауы керек
Сонымен қатар, банктер қарыз алушыға осы бағдарламаның талаптарына қайшы келмейтін басқа да талаптар қоюы мүмкін
Ең алдымен, қарыз алушы баспана тауып, үйді салушыға жүгінеді
Үйді салушы банкке ұсыну үшін баспананың құжаттарын береді
Одан кейін қарыз алушы тәуелсіз баға кесушінің көмегімен өзі алмақ болып отырған баспананы бағалайды
Бағалау актісін алғаннан кейін қарыз алушы банкке барады
Оң шешім қабылданса, банк қажетті соманы үйді салушыға аударады
Қарыз алушы үйді салушымен сатып алу-сату шартын жасасып, баспананы кепіл ретінде ресімдейді.