Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

17.08.2018 Астанадағы «Зүбаржат кварталдың» ішіндегі адамдар эвакуацияланды
1106

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті жұма күні өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді 


Оқу-жаттығулар «Зүбаржат квартал» бизнес орталығында өтті. Көк тіреген ғимараттан ондағы бүкіл компаниялардың қызметкерлері эвакуацияланды. Оған өрт сөндірушілер, арнайы техника жұмылдырылып, адамдарды құтқару дағдылары жетілдірілді. Оқу-жаттығуларды өткізудегі мақсат – төтенше жағдай кезінде бизнес-орталық қызметкерлерінің қалалық ТЖ қызметтерімен бірлескен жұмысын жетілдіру, техникалық жабдықтар мен дабыл жүйесінің дайындығын тексеру, ғимараттан адамдарды эвакуациялау жұмыстарын үйлестіру болды. Мұндай шаралар адамдардың төтенше жағдай кезінде ұстанатын қарапайым, бірақ аса маңызды ережелерді меңгеруіне, олардың психологиялық дайындығын жетілдіруге септігін тигізеді.
Видео: Ахмедин Жансерик