Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

06.09.2018 Биыл 15,1 млн гектар алқаптан астық орылады
2278

Үстіміздегі жылы 15,1 млн гектар алқаптан дәнді дақылдар орылады. 6 қыркүйектегі жағдай бойынша 3,1 млн га (21%) алқаптан дәнді дақылдар жиналды.



Әлі де шамамен 11,8 млн га алқаптан дәнді дақылдар жиналу керек. Елімізде дәнді дақылдарды сақтайтын қоймалардың сыйымдылығы - 26,7 млн тонна. Оның ішінде, астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,7 млн тоннаны, ал ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерде 13 млн тоннаны құрайды. Алдыңғы жылдардағыдай, астық өнімдері экспортының негізгі көлемі ұдайы қазақстандық астықты импорттаушы елдердің (Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран) үлесінде. Астықтың белгілі бір бөлігі Қытай, Италия, Түркия және т.б. елдердің нарығына жеткізілетін болады.