Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.09.2018 Қазақстанда тағы үш автомобиль жолы ақылы болады
923

Республикада үш жолда ақылы жүйені енгізу жұмыстары жүргізілуде


Олар - Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау және Алматы-Қапшағай автожолдары. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. Ақылы үш автожол учаскесінің жалпы ұзындығы 471 шақырымды құрайды. Төлем алу жүйесі қыркүйек айында тестілік режімде іске қосылмақ. Болашақта ұзақтығы 5,5 мың км болатын тағы 13 ақылы жол учаскесі болады. 2021 жылға дейін ақылы жолдар 6,7 мың км, ал 2025 жылға 11,7 мың км жеткізілмек. Қазіргі кезде «Астана - Щучинск» автомагистралі ақылы.
Видео: Ахмедин Жансерик