Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

20.09.2018 Астанада жекпе-жектен халықаралық турнир өтіп жатыр
1868

Жекпе-жектен өтіп жатқан халықаралық турнирге 4 мемлекеттен барлығы 19 команда қатысуда. Боз кілемде 150-ден астам жекпе-жек шеберлері 9 түрлі салмақ дәрежесі бойынша күш сынасуда.



Халықаралық турнирге өз елімізбен қатар, Ресейдің Ұлттық ұланы, Қытайдың Халықтық қаруланған полициясымен қатар, алғаш рет Өзбекстан Ұлттық ұланы қатысып отыр. Екі күн бойы «Дәулет» спорт кешенінде өтетін айтулы шара Астана қаласының 20 жылдығына арналып, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Оған сондай-ақ, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы және қазақстандық Жекпе-жек сайысы федерациясы қолдау көрсетіп отыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры - 1 млн теңге.

Видео: Жансерик Ахмедин