Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.09.2018 Астанада қоян-қолтық ұрыстан турнир мәреге жетті
5232

Елордада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының Кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан халықаралық турнир мәресіне жетті


Турнирде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының саңлақтары Ресей, Өзбекстан, Қытай елдерінің спортшыларын жеңіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Аталған турнирге 4 мемлекеттен барлығы 19 команда қатысқан болатын. Боз кілемде 150-ден астам қоян-қолтық ұрысының шеберлері 9 түрлі салмақ көрсеткіші бойынша күш сынасты. Екі күндік айтулы турнирде Қазақстан қоржынына алтын медальді қазақстандық спортшылардан Сағын Қазыбек (55 келі), Бауыржан Сұлтанов (60 келі) пен Рахметолла Сатыпалдиев (70 келі), Рустам Атабаев (80 келі), Теміржан Басақаев (90 келі) салды. Екі күнге созылған жекпе-жекте ҚР Ұлттық ұланы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді.
Видео: Ахмедин Жансерик