Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

03.10.2018 Мерзімді депозиттен уақытынан бұрын ақша алғандарға айыппұл салынады
868

Бұл туралы Қазақстанның  депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Нұрлан Әбдірахманов хабарлады


Банк салымының шарты бойынша, ақшаны мерзімінен ерте шешкені үшін салынатын айыппұл сомасы сыйақының 50 пайызын құрауы мүмкін. Бұл 2018 жылдың 1 қазанынан бастап ресімделген салымдарға ғана қатысты. Ал 1 қазанға дейін ресімделген салымдардың барлық түрінде ақшаны мерзімнен бұрын алу кезінде сыйақы мөлшерлемесі сақталады. Бұдан басқа, 1 қазаннан бастап жаңа мерзімді және мерзімсіз салымдарды ашу және қызмет көрсету шарттары өзгереді. Ең танымал мерзімсіз салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 10,5 пайызды құрайды.
Видео: Ахмедин Жансерик