Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.10.2016 Қазақстандық ғарыш аппараты халықаралық жарыста үздіктер қатарынан көрінуі ықтимал
1496

Бүгін Астанада Халықаралық мектеп базасында Робот техникалары бойынша республикалық олимпиада басталды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы ұйымдастырған шараға еліміздегі мектептерден 200-ден астам оқушы қатысуда. Атап айтқанда, балалар арасындағы бұл сайыс Робот техникалары халықаралық олимпиадасының "World Robot Olimpiad - WRO" ережелеріне сәйкес өткізілуде. Жүлделі орынға ие болған командалар танымал компаниялардың атынан бағалы сыйлықтармен ынталандырылады. Сонымен қатар Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары биыл қарашада Үндістанда өтетін халықаралық олимпиадада ұлттық құрама қатарында еліміздің намысын қорғайтын болады. Жыл сайын WRO сайыстарына әлем елдерінен 20 мыңнан астам команда қатысады.
http://inform.kz/kz/kazakstandyk-garysh-apparaty-halykaralyk-zharysta-uzdikter-katarynan-korinui-yktimal_a2957267