Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

12.10.2018 Мемлекет Басшысының Жолдауы: Бизнестің қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғалуын арттыра түсу
833

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Мемлекет Басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қылмыстық жауапкершіліктің қолдану шегін арттыруды тапсырды. Салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру тапсырылған. 
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық тергеу қызметін қайта құруды ұсынды. Оның функциялары Қаржы мониторингі комитетіне беріледі. Қаржы мониторингі комитетінің негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс. Үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдануы тиіс. Мемлекет Басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырды. Салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастау жоспарланған.
Видео: Ахмедин Жансерик