Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

15.10.2018 Елбасы Жолдауы: экспорт – ҚР экономикалық саясатының негізі
1034

5 қазанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Мемлекет басшысының пікірінше, өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беру қажет. Сонымен бірге «қарапайым заттар экономикасын» дамыту керек. Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке қосымша 500 млрд теңге бөлуді тапсырды. Ол өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатында алдағы 3 жылда бөлінеді. Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлу тапсырылды. Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажет. Сырттан келетін және ішкі туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама қабылдауға тиіс, деді Елбасы.
Видео: Ахмедин Жансерик