Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

16.10.2018 Армандастар - Жаңару мекені
902

«Армандастар» - өмірлік ұстанымдары ұлтқа қызмет етуді көздейтін қарапайым ел тұрғындарының бейнесін көрерменге ұсынбақшы. Бұл -армандардың орындалатынын өз әрекеттерімен-ақ дәлелдеп жүрген азаматтар туралы әлеуметтік роликтер циклы.

.

Заман талабына сай медиа-индустрия саласында әлеуметтік жарнама толыққанды және маңызды жанрдың біріне айналды. 
Әлеуметтік бағыттағы үздік роликтер қас-қағым сәтте әлемге әйгілі болып шыға келеді. Әрі тиімді тұстары да күшті. 
Өйткені әлеуметтік жарнаманың көтеретін жүгі де жеңіл емес. Алдымен ақпарат береді, ынталандырады. Сондай-ақ айналамыздағы ауқымды және өткір мәселелерге қоғамның назарын аударады. 

Осы жанрдың жан-жақты дамуына жол ашуды жөн деп санадық. Қазіргі кезеңде қазақстандық әлеуметтік роликтер бірқатар шет елдік телеарналардың кабельді хабар тарату желісінде коммерциялық жарнаманың орнын басты.
Сонымен қатар, заңның аясында әлеуметтік жарнамаларды отандық арналарда көрсетуді міндеттейтін мәселе қарастырылып жатыр. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры мен Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Армандастар» деп аталатын біріккен жобасы әлеуметтік роликтерді жан-жақты насихаттау бағытындағы бастаманың дәлелі іспетті.