Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.10.2018 Астанада ТҮРКІСОЙ жастар камералық хорының концерті өтті
2487

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана Опера» театрының Камералық залында жастар камералық хоры өнер көрсетті.

Өнер ұжымы өзінің бағдарламасын Астананың 20 жылдығы мен ТҮРКІСОЙ-дың 25 жылдығына арнады. Хор құрамында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Татарстан (РФ) музыканттары бар.



ТҮРКІСОЙ жастар камералық хоры 2015 жылы ТҮРКІСОЙ Бас хатшысы, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Дүйсен Қасейіновтің бастамасымен құрылған. Бұл кезеңде хормейстерлер Эльнара Керімова (Әзербайжан) және Гүлмира Құттыбадамованың басшылығымен жүрген ұжым Азия мен Еуропаның талай елдерінде көптеген концерттер берді. Ұжымның репертуарына түркі халықтарының әндері мен түркі елдері заманауи композиторларының туындылары, сондай-ақ батыс хор музыкасының туындылары кіреді. 

ТҮРКІСОЙ жастар камералық хорының өнер көрсетуі тыңдармандарды түркі халықтарының хор дәстүрлерімен таныстыратын «Астана – Әлем дауысы» атты фестиваль аяқтайды. 
ТҮРКІСОЙ хоры әзербайжан, қазақ, қырғыз, өзбек, татар, түрікмен және түрік тілдеріндегі әндерді орындады.

Дирижері – Гүлмира Құттыбадамова.


Видео:
Камера1: Ильзат Сафаргалиев, Камера2: Жансерик Ахмедин, Камера3: Астана Опера
Монтаж:   Ильзат Сафаргалиев ©20 минут