Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.10.2018 Елбасы Жолдауы: жоғары білім сапасын арттыру
872

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын арнады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Мемлекет басшысы 2019 жылы «Педагог мәртебесі» туралы Заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санайды. Бұл құжат мектепке дейінгі ұйымдардағы мұғалімдер мен қызметкерлер үшін барлық игілікті қарастыруы тиіс. Жүктемені азайтып, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс. Жоғары оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейеді. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет, деп есептейді Нұрсұлтан Назарбаев. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндер ғана қалуға тиіс. Мемлекет басшысы Назарбаев Университетінің үлгісімен жаңа ЖОО құру қажет деп санайды.
Видео: Ахмедин Жансерик