Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

05.11.2018 Елбасы Жолдауы: еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізу
837

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдау арнады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Мемлекет басшысы: «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша республикалық маңызы бар инфрақұрылым қалыптастырдық. 2015 жылдан бастап 2400 шақырым автомобиль жолы салынды және және 2020 жылға дейін 4600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Енді өңірлік және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытқан жөн. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, ол үшін 2018 жылы қаржыландыру көлемі артты. Жергілікті маңызы бар жолдарға 150 млрд теңгеге дейін, ауылдық  жерлерді сумен қамтуға 100 млрд теңгеге дейін қаражат бөлінді. Әкімдер осы қаражаттың есебінен өңірлердегі мейлінше өткір проблемаларды шешуге күш жұмылдыруы керек. Үкімет қосымша инфрақұрылымдық мәселелер тізімін жасауы қажет. Сондай-ақ, жобаларды бағалап, оларды қаржыландыру көздерін іздеп табуы тиіс, деп есептейді Елбасы.
Видео: Ахмедин Жансерик