Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

06.11.2018 Елбасы Жолдауы: елдімекендерді дамыту
624

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Әлеуметтік нысандар құрылысын елдімекендерді дамыту жоспарымен ұштастыру қажет. Бұл секторға жеке инвесторларды тарту үшін жағдай жасаған жөн, дейді Мемлекет басшысы. «Инфрақұрылым адамдарға» моделінен «Адамдар инфрақұрылымға» моделіне бірте-бірте көшу керек. Әрбір өңір мен ірі қала өзіндік моделіне сүйене отырып дамуға тиіс. Бәсекеге қабілеттің қолда бар басымдықтарын ескеріп, өзіндік орнықты экономикалық өсу және жұмыспен қамту моделіне сүйене отырып дамуы қажет. Осыған орай, түрлі елдімекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеу керек. Бұл стандарт әлеуметтік игіліктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі мен қолжетімділігінің нақты көрсеткіштерін қамтуға тиіс. Онда көлік, мәдени-спорттық, іскерлік, өндірістік, цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің нақты көрсеткіштері көрсетілуі керек.
Видео: Ахмедин Жансерик