Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

07.11.2018 Қазақстанда Электронды денсаулық паспорты енгізіліп жатыр
926

Қазақстан Республикасы азаматының электронды денсаулық паспорты Денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және олардың интероперабельділігін қамтамасыз ету платформасының бір компоненті 


Платформа үздіксіз медициналық көмек көрсетуді, өзекті, дәл әрі толық ақпарат жинауды автоматандыруды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы азаматының электронды денсаулық паспортында науқастың бұрын тап болған аурулары, созылмалы ауруларының бар-жоғы, белгілі бір дәрі-дәрмекке аллергиясының болуы, талдаулардың нәтижелері сияқты толық әрі жүйелі ақпарат сақталады. Ақпарат бірыңғай репозиторийде сақталады, оны тек арнайы құқық берілген  медициналық қызметкерлер пайдалана алады.