Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.11.2018 Цифрландыру ауыл шаруашылығына не береді
744

Ауыл шаруашылығын цифрландыру аясында бүкіл республика бойынша кем дегенде 20 цифрлық ферма және 4000 дамыған фермалар құрылады және процестер мен мемлекеттік қызметтер жүз пайыз автоматтандырылады


Елбасы тапсырмасы бойынша агроөнеркәсіптік кешенінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігінің арттыру және қайта өңделген ауыл шарушылығы өнімдерінің экспортын кемінде 2,5 есеге арттыру күтіледі. Ал бұның барлығы дерлік негізінен ауыл шарашылығын цифрландыру есебінен қамтамасыз етіледі. Айта кетерлігі, 2018 жылдың соңына дейін нақты шаруа қожалықтары анықталып, оларды ет және сүт бағытындағы цифрлық фермалар деңгейіне дейін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілмек. Осы жылдың соңына дейін жайылымдардың электрондық карталарын жасау жоспарланған. Ал нақты ауыл шаруашылығын енгізу аясында фермалардың үш деңгейі анықталды: цифрлық ферма, дамыған ферма және базалық ферма. Олар үшін қажетті элементтер жиынтығы белгіленген. Бұдан кейінгі жұмыс мемлекеттік қолдау шаралары арқылы фермерлердің өз деңгейін жоғарылатуға бағытталатын болады.