Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

13.11.2018 Мемлекет басшысының Жолдауы: құқық қорғау органдарын жаңғырту
899

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Мемлекет басшысы «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырды. Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауы тиіс. Біріншіден, Ішкі істер министрлігінің штаттық саны оңтайландырылып, полиция өзіне тиесілі емес функциялардан арылады. Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталады. Екіншіден, полиция қызметкерінің жаңа стандарты бекітіліп, мансаптық ілгерілеу жүйесі өзгертіледі. Үшіншіден, халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтары енгізіліп, полицияны бағалаудың критерийлері өзгертіледі. Полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы керек.
Видео: Ахмедин Жансерик