Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

19.11.2018 Елбасы Жолдауы: мемлекеттік органдардың жұмысында бюрократияны азайту қажет
3393

5 қазан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады


«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Мемлекет басшысы: Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту қажет. Соңғы кездері ұзақ отырыстар мен кеңестердің саны еселеп артып, құжат айналымы елеулі түрде көбейді. Үкімет, әкімдердің және олардың орынбасарларының қатысуымен күніне 7 кеңес өткізетін кездері де болады. Мұны доғарып, бұл мәселені ретке келтіру керек, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев. Министрлер мен әкімдерге шешім қабылдау еркіндігін ұсыну қажет. Министрлер мен әкімдер нақты міндеттемелер алуға  және солар үшін жария түрде есеп беруге тиіс. Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарының әзірленген көрсеткіштер картасы бұған негіз болуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өтті.
Видео: Ахмедин Жансерик