Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

28.11.2018 Астанада автомобиль жолдары саласындағы жетістіктер көрмесі ашылды
1521

Сәрсенбі күні Елордада «Көрме» көрме кешенінде «Қазавтожол- Kaztraffic-2018» XV халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады.



Көрмеде автомобиль жолдарының құрылысы мен оларды жөндеу, күтіп ұстау бағытындағы жетістіктер ұсынылған. Ашылу рәсіміне ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен автомобиль жолдары компанияларының өкілдері қатысты. Халықаралық көрме аясында конференциялар, семинарлар және презентациялар өткізу жоспарланып отыр. Халықаралық шараға 100-ге тарта компания өз өнімдерін әкелген. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Франция, Италия, Швеция, Түркия, Корея Республикаларының өкілдері қатысуда.