ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев болашақтағы мамандықтар туралы айтты
Ауқымды цифрландырудың нәтижесінде жаңа мамандықтар пайда болуы мүмкін. Болашақ институтының болжауынша, 2030 жылы әлемде әзірге жоқ 85% мамандық пайда болады. Мәселен: деректермен жұмыс істейтін детектив, қала кибераналитигі, қосымша болмысқа саяхаттарды жобалаушы, генетикалық код редакторы, цифрлық тігінші, адамдар мен машиналардың ұжымдық жұмысы жөніндегі менеджер. Министр Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде ЖОО осындай трендтерді ескеруі қажет.
Видео: Ахмедин Жансерик