Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

27.12.2018 Мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова елорданың мұз айдынында сырғанады
1088

Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қыз Астана айдындарына өнер көрсетті.


АСТАНА. ҚазАқпарат – Үлкен Алматы көлінде конькимен мәнерлеп сырғанап, есімі көпке танымал болған Ксения Панкратова елорданың мұз айдынын бағындыруға келді, деп хабарлайды ҚпазАқпарат тілшісі.
 


Спортшы «Қазақ елі» монументі, «Хан Шатыр» СОСО жанындағы мұз қалашығы, ЭСКПО аумағындағы және Есіл өзеніндегі мұз айдындарының сапасын тексеріп үлгерді. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаеваның Facebook-тегі парақшасында хабарланған.
 
Ксения қала тұрғындарының жылулық және мерекелік көңіл күймен бөлісу ниетін атап өтіп, жаңажылдық демалыс күндері елордаға тағы келгісі келетінін атап өтті.
 
Еске сала кетейік, 18 желтоқсан күні қысқы және отбасылық бос уақытты өткізуге арналған Astana Winterland бірыңғай интерактивтік алаңы іске қосылды.