Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

09.01.2019 «Жусан» операциясы: Қазақстандықтар Сириядан эвакуацияланды
5051

Биылғы 6 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан 47 азаматымыз, соның ішінде 30 бала елімізге қайтарылды.



Мемлекет басшысының айтуынша, олар дағдарыс жайлаған елге алданып барып, террористердің тұтқынында болды. 

«Қазақстанға келген соң әйелдер мен балаларға мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетілді. Осындай ауыр жағдайға ұшыраған бұл кінәсіз жандардың қуанышында шек жоқ. Олар бір ай бойы бейімдеу орталығында болып, қажетті медициналық көмек алады. Атқарылған жұмыс мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты мәлімдемесінде.

Елбасының айтуынша, Қазақстан өз азаматтарына қай жерде жүргеніне қарамастан әрдайым қолдау көрсетеді. 

«Біздің негізгі міндетіміз – еліміздің қауіпсіздігін, халқымыздың береке-бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету. Қақтығыс аймағында еріксіз жүрген балаларды қайтару жөніндегі жұмыстарды жалғастыра беретін боламыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.