Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

10.01.2019 Алматыда 27 шағын ауданның атауы өзгерді
1600

Алатау ауданында «Алғабас-1,2,3» шағын аудандары «Нұркент», «Ботакөз», «Ақмаржан» деп өзгертілді


«Алғабас-4, 5, 6» шағын аудандары  - «Ғажайып», «Дарабоз», «Зерделі» деп өзгерді. «Заря востока» шағын ауданы - «Шапағат», «Құрылысшы» шағын ауданы - «Самғау» деп аталатын болды. «Трудовик» шағын ауданы - «Томирис» атауын алды. Әуезов ауданында «Дубок» шағын ауданы - «Шабыт», «Дубок-2» шағын ауданы - «Атамекен» болып өзгертілді. Бұдан басқа, енді «Алатау» шағын ауданы - «Нұр Алатау», «Алмаарасан» шағын ауданы - «Архат» деп аталады. «Жайлау» - «Ғаламат» шағын ауданы, «Ремизовка» - «Асқартау» шағын ауданы болып өзгертілді. «Дорожник» шағын ауданы енді «Көкмайса» болса, «Первомайский» шағын ауданы - «Кемел» болып өзгерді. «Алатау» шағын ауданы - «Байтақ», ал «Каменка-3» шағын ауданы - «Мейрам» болып өзгертілді. Атауларды өзгерту туралы шешімді ономастикалық комиссия қала тұрғындарының пікірін есепке ала отырып шығарды.
Видео: Ахмедин Жансерик