Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.01.2019 Астанада ҚР Ұлттық ұланының құрылған күніне орай гала-концерт өтті
1809

«Қазақстан» орталық концерт залында «Ұлы дала ұландары» ұранымен Қазақстан Республикасы  Ұлттық ұланы Ән-би ансамбілі мен Үлгілі-көрсетімді оркестрінің ХІ дәстүрлі гала-концерті өтті 


Концертте еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, отандық эстрада жұлдыздары мен халықаралық байқаулардың жүлдегерлері өнер көрсетті. Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің бастығы әрі көркемдік жетекшісі капитан Дархан Рахымғалиевтің жетекшілігімен ұрпақтар сабақтасытығы мен патриотизм рухын сіңірген әскери, классикалық, халық және ұлттық әндер шырқалды. Сондай-ақ, келген қонақтарға  қазіргі заманғы эстрада әндері, әлем халықтарының билері ұсынылды. Еске салайық, 10 қаңтар күні ұландықтардың кәсіби мерекесі  –  ҚР Ұлттық ұлан күні аталып өтеді.  Осыдан  27 жыл бұрын 1992 жылдың 10 қаңтарында ҚР ІІМ Ішкі әскері құрылған болатын. Ал 2014 жылдың 21 сәуірінде Ұлттық ұлан болып қайта құрылды. Дегенмен, әскердің даңқты дәстүріне адалдық сақталып, құқықтық тәртіп әскерінің құрылған күні 10 қаңтар  болып саналады.