Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

25.01.2019 Демалыс күндері Қазақстанда ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді
1162

Еліміздегі ауа райы көбіне антициклонның ықпалында болады, деп түсіндірді синоптиктер


Республиканың басым бөлігінде түнде 20-дан 38 градусқа дейін аяз болады. Бұл көрсеткіштер климаттық нормадан төмен, деп хабарлады «Қазгидромет». Осыған байланысты еліміздің алты облысында ескерту жарияланды. 27-29 қаңтарда еліміздің солтүстігінде, сондай-ақ Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында 35-38 градус аяз болуы мүмкін. Қостанай облысында түнде 27-32, кей жерлерде -35 градусқа дейін суық болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында түнде 37-42 градус нөлден төмен болады. 26 қаңтарда Ақмола облысында боран соғады.
Видео: Ахмедин Жансерик