Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

20.02.2019 Дәурен Абаев Қазақстанда 5G енгізу жоспарымен бөлісті
794

Астанада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген  алқа отырысы өтті


Биыл Қазақстанда 5G технологияларын сынақтан өткізу бойынша пилоттық жобаны ұйымдастыру жоспарланып отыр. Осыдан кейін елімізге оны енгізу үшін оңтайлы мерзім белгілі болады, деп хабарлады министр Абаев. 5G түрлі фильмдер мен бағдарламаларды жоғары жылдамдықта жүктеуге мүмкіндік береді. Телекоммуникациялар саласындағы болашағы зор халықаралық жобалардың бірі - оптикалық-талшықты магистраль құру. Ол Каспий теңізі арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияны. Еуропамен және Қытаймен байланыстырады. Бұл жоба Еуропа мен Азияның ірі ақпарат алмасу орталықтарын біріктіріп, Қазақстан, ҚХР, Грузия, Әзербайжан, Түркия және Германия аумағына таралады. Қазір Әзербайжан тарапымен Каспий теңізінің түбіне ТОБЖ төсеу бойынша мәселелер талқыланып жатыр, деп атап өтті Дәурен Абаев. Сондай-ақ, ведомство басшысы 2018 жылы 1250 ауылға 20 мың шақырымдық талшықтық-оптикалық байланыс желісінің құрылысы басталғанын хабарлады.
Видео: Ахмедин Жаснерик