Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

11.03.2019 Алматыда көпбалалы отбасылардан баспанаға өтініш қабылдау басталды
883

Алматыда «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды


Бағдарламаның ресми сайтында бюджеттік ипотеканы алудың барлық шарттары көрсетілген. Бағдарламаға коммуналдық қордан баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар қатыса алады. Шарттары: «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қарызы 15 млн теңгеге дейін. Алғашқы жарна - үй құнының 10%. Несиенің проценттік ставкасы  - жылына 2%. Баспана жаңа салынған болуы тиіс. Өтінішті портал арқылы беруге болады. Ол үшін адамда электрондық цифрлы қолтаңба болуы шарт. Баспананы қатысушылар өздері таңдай алады.
Видео: Ахмедин Жансерик