Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

20.03.2019 Астанада «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауы өтті
979

Елорданың «Қазмедиа» орталығына «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің салтанатты рәсімі өтті



Видео: Ахмедин Жансерик

Айтулы шараға қазақ телевизиясының ардагерлері мен телеарна ұжымдарындағы журналистер мен жүргізушілер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, эстрада жұлдыздары шақырылған. Олар арнайы төселген қызыл кілеммен жүріп өтті.

Еске сала кетсек, телевизия саласындағы үздіктерді анықтайтын конкурс биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
Биылғы жылы байқау 9 номинация бойынша өткізіледі. Үміткерлер, «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік деректі фильм», «Үздік ақпараттық-талдау бағдарламасы», «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы», «Үздік ойын-сауық жобасы», «Үздік өңірлік тележоба», «Үздік тележурналист», «Үздік тележүргізушісі» аталымдарында бақ сынайды.