Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

08.04.2019 Қазақстанда дәрілік заттардың бағасына мемлекеттік реттеу енгізіледі
939

9 сәуірден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігі барлық дәрілердің бағасын реттеуге кіріседі 


Ереже бекітілу үшін Әділет министрлігінде жатыр. Дәрі-дәрмектерге шекті көтерме және бөлшек сауда бағасы қойылатын болады. ҚР ДСМ мамыр айына дейін дәрі-дәрмектердің бағасын бекітіп болуға тиіс. Дәрі-дәрмек бағасы ҚР ДСМ және Фармация комитетінің сайттарында орналастырылады. Сонымен қатар арнайы мобильді қосымша іске қосылады. Бағаны реттеу ережесі бұзылған жағдайда айыппұл төленеді. Дәріханалар мен компаниялар үшін айыппұл көлемі 176 мыңнан 2 млн 525 мың теңгеге дейін. Сондай-ақ, жаза ретінде, лицензияның қолданылуын тоқтату қарастырылған.
Видео: Ахмедин Жансерик