Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

23.05.2019 Елордада брейк-данстан алғашқы Қазақстан чемпионаты өтеді
1029

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 маусым күні Астана Конгресс орталығында брейкингтен Қазақстан чемпионаты өтеді.


Додаға әлемдік брейк-данс жұлдыздары қазылық етеді. Жеңімпаздар Францияда болатын халықаралық чемпионатта Қазақстанның намысын қорғайды. Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерімен ынтымақтастықта ҚР Спорттық би және хип хоп федерациясы ұйымдастырмақ. Чемпионатта Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған қатысушылар әр түрлі жас санаттары бойынша сайысқа түседі. Брейк Данс – о баста көшедегі би өнері ретінде танылып, қазіргі таңда үлкен спортқа айналған. Халықаралық Олимпиада комитеті де оны спорттың бір түрі ретінде ресми мойындаған. Яғни, хип-хоп мәдениеттің осы бағыты ресми мәртебеге ие болды. Тіпті, ХОК 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына брейкингті енгізу мәселесін дауысқа салып отыр.