Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

18.06.2019 ҰБТ-2019 туралы нені білу керек
1124

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу 2019 жылғы 20-30 маусым күндері 169 пунктте болады


Оған  қатысу үшін 117 242 адам өтініш берген. Соның ішінде 96 380-і - осы жылғы, 20 862-сі - былтырғы мектеп түлектері. 73 387 түлек қазақ тілінде тест тапсырады. 22 825 бітіруші орыс тілінде, 168-і ағылшын тілінде тест тапсырады. ҰБТ өткізуге 1 188 аудитория сақадай сай тұр. Барлық аудиториялар ұялы телефон сигналдарын өшіретін құралдармен және видеокамералармен жабдықталған. ҰБТ өтетін пункттерге тест тапсыру процесін қарап отыру үшін видеотрансляция жүргізетін мониторлар орнатылған.
Видео: Ахмедин Жансерик