Телефон: +7 (7172) 489-074

Эл. почта: foto1@inform.kz

21.06.2019 «Әскери керней» фестивалі аясында «Астана орталық саябағындағы» амфитеатрда концерт өтті
2918

Халықаралық деңгейдегі фестиваль Астана күні және Қазақстан полициясы күніне арналды.


Нұр-Сұлтанда әскери оркестрлердің дәстүрге айналған «ӘСКЕРИ КЕРНЕЙ» VІII Халықаралық әскери-музыка фестивалі өтіп жатыр. Оған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысының жүлдесі тігілген. 
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен әскери оркестрлердің фестивалі жыл сайын елорда тұрғындары мен қонақтарын ұмытылмас әсерге бөлеп келеді. Фестивальда әскери, классикалық, халық және эстрадалық музыкалар, парад-дефиле, плац-концерт және әскери қызметшілердің қарумен орындайтын шебер көріністері әдемі үйлесімін табады. 
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдынында қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшысының жүлдесі үшін «Әскери керней» VІII Халықаралық әскери-музыка фестивалінің плац-концерті өтеді.
Салтанатты шарада үздік әскери оркестрлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіледі.